Байзақ ауданында мүйізді ірі қараның сарып ауруына шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеген

0 1

Байзақ ауданында мүйізді ірі қараның сарып ауруына шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байзақ ауданында мүйізді ірі қараның сарып ауруына шалдығу көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмендеген. Мәселен бұл көрсеткіш 2018 жылы 88 болса, 2020 жылы 10, ал биыл 9 басты көрсеткен. Бұл ветеринар мамандарының үздіксіз жүрзізген профилактикалық шараларының нәтижесі деуге болады.

Байзақ ауданында ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 57 250 мүйізді ірі қара, 311 499 қой-ешкі, 150 бас жылқы, 200 шошқа мен 700 түйе сарып ауруына тексерілген. Ауру анықталған төрт түлік құжаттары рәсімделіп, сойылып, терең өңдеуге жөнелтілді.

-Ауданда эпизотиялық жағдай тұрақты. Біздің дәрігерлер тек төрт түлік қана емес биыл етқоректі жануарлардың 600 басын сарып ауруы бойынша тексеріп, жоспарды 100% орындадық. Ауданда санитарлық талаптарды сақтау үшін мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде екі типтік үлгідегі биотермиялық » Беккери шұңқыры» бар. Олар Бурыл және Дихан ауылдық округтерінде, оларға биыл 1636032тг қаражат қарастырылған. Ауылшаруашылық жануарларының энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша, алдын ала ветеринариялық іс-шаралар жұмыстары толығымен жүргізілді,дейді Байзақ аудандық ветеринария станциясының басшысы Тольтаев Мұрат.

Бүгінгі таңда ауданда арнайы құрылған 1 бригада қаңғыбас ит пен мысықтарды аулаумен айналысады. Бұл бағытта бюджеттен 5500886 тг бөлнген. Есепті мерзім аралығында барлығы 2653 бас ит және 11 мысық ауланып жойылды.

Мал дәрігерлері төрт-түлікті бірдейлендіру жұмыстарымен де айналысады. Нақты мәліметтер бойынша бүгінде ауданда шошқа басы артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.