Жуалы ауданының тұрғындары 100 пайызға ковидке қарсы екпенің І компонентін алды

0 1

Жуалы ауданы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады. Бүгінгі күні вакциналауға жататын 25 170 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал, ІІ компонентін 22 317 адам алған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айта кетейік, аудан орталығындағы ауруханада ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден кешкі 17.00-ге дейін, ал сенбі-жексенбі күндері сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.