Жуалы ауданында ауылшаруашылығы техникалары 1596 дананы құрайды

0 6

Жуалы ауданында ауылшаруашылығы техникалары 1596 дананы құрайды.  Жыл басында лизинг арқылы 160 техника алу жоспарланған. Жоспарға сәйкес жыл басынан бері лизинг арқылы 134 техника алынып, желтоқсан айында 26 жаңа техникамен толықтырылды. Оның 4еуі трактор, 22-і тіркеме мен басқа да техникалар. Келер жылы да 160 техника алу жоспарларында бар , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сонымен қатар 2022 жылдың өнімі үшін егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының егістік жерлерін дайындау барысында күз айларында 48 717 гектар (2021 жылы 47 510 га) сүдігер көтерді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1207 га артық орындалып отыр. Сүдігер көтеру ылғал сақтауда, өсімдік зиянкестерімен күресте және дақылдардың өнімділігін көтеруде әсері мол.

Сонымен қатар 2022 жылдың өнімі үшін 9700 гектар жерге күздік бидай дақылы егілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.