Талас ауданында Ерназар-Қойгелді автомобиль көпірі салынуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жалпы бюджеттен 268 258,0 мың теңге қарастырылған (106 195,0 мың теңге – ұлттық қордан және 162 063,0 мың теңге – респ. субвенциядан).
Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жеңімпаз мердігер «Югдорстрой» ЖШС-мен 264 964,6 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, 07.09.2021 ж. жұмыстар басталды.
Айта кетейік, көпірдің ені –11 м, ұзындығы – 33 м, биіктігі – 4 м. Көпірдің жүргінші бөлігінің ұзындығы – 8 м, көпір мен жолдың ұзындығы 385 м.
Бүгінгі таңда 224 166,5 мың теңге қаржысы игерілді. Нысанды жобалаушы мердігер «Тека Проект» ЖШС – авторлық бақылау қызметі үшін 2 879,0 мың теңгеге келісімшарт рәсімделді. Техникалық қадағалаушы – «Бабтенұр» ЖШС, келісімшарт 6 319,8 мың теңгеге рәсімделді.