Ветеринария басқармасы 11 айлық жоспарын 100 пайыз орындады

0 16

2021 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 11 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде 100% орындалды. Нәтижесінде жануарлар арасында бруцеллез ауруы жылдан жылға азаюда. Бұл фактор адамдар арасында да бруцеллез ауруымен ауырған жағдайлардың жылдан жылға төмендеуіне септігін тигізуде.

Сондай ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Тараз және аудандардағы бағынысты ветеринария ұйымдары (бұдан әрі – Кәсіпорын)облыс аумағында эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында мемлекет тарапынан 16 аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және 25 түрлі ауруға зертханалық зерттеуге биологиялық сынамалар жеткізу жұмыстарымен айналысады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы кешенді іс-шаралардың жоспарға сай орындалуы нәтижесінде облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты. Осы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге барлығы 3,1 млрд.(Республикалық бюджет 2,9 млрд., жергілікті бюджет 139,0 млн.) теңге бөлінді.

Облыс аумағындағы аудандарда мал өлекселерін залалсыздандыруға арналған барлығы 39 Беккер шұңқырлары бар. Облыс бойынша тағы 23 биотермиялықшұңқыр (Байзақ-2, Жуалы-1, Қордай-2, Меркі-2, Мойынқұм-4, Т.Рысқұлов-1, Сарысу-3, Талас-4, Шу-3, Тараз-1) соғу қажет.Қажетті Беккер шұңқырларын салуға жерін анықтау, ЖСҚ әзірлеу – облыс әкімі мен аудан әкімдері арасында келісілген түйінді нысаналы индикаторлар тізіміне енгізілген. Бұл индикаторлық көрсеткішке Жуалы ауданы мен Тараз қаласынан басқа аудандар бүгінгі күнге қол жеткізе алмай отыр.

«Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары» Жамбыл облысы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен бекітілді.Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу бойынша атқарылатын іс-шаралардың 2021 жылға арнайы жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес Тараз қаласы және аудандар аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды гумандық жолмен аулау жүргізілуде.

Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп ұстау орны (питомник) ұйымдастырылып,ауланған жануарлар арнайы автокөлікпен тасымалданады.

Облыс бойынша қала және аудандар аумағында барлығы 11 ветеринариялық станциялар мен 160 ветеринариялық пункттер жұмыс атқарады, олардың барлығы малдәрігер мамандарымен  толық қамтылған. Маман тапшылығы жоқ.

Сондай-ақ, ветеринариялық станцияларда жануарлардың жұқпалы емес ауруларын емдеуүшін ақылы қызметтер көрсететін клиникалар мен мемлекеттік тізілімге енбеген ауруларға қарсы қолданылатын препараттар жіберетін ветеринариялық дәріханалар ашылды. Облыс көлемінде қолдан ұрықтандыру да жолға қойылған.

Ветстанцияларды толық материалдық-техникалық жабдықтау қажет етіледі. Оларды 2025 жылға дейін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 2022-2024 жылдар аралығында кезең кезеңімен жабдықталуы бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Қорыта келгенде, облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты түрде ветеринария саласымен бақылауда және ветеринар дәрігерлер өз міндеттерін толықтай атқаруда.

Эпизоотияға қарсы

іс-шараларды ұйымдастыру

бөлімі басшысы С.Боранбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.