NIS өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары форумда бас қосты

0 2

NIS өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары форумда бас қосты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерін, форум делегаттарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева құттықтады:

– Биылғы дәстүрлі форум Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» ұраны NIS президенттерінің басты қағидаттарының бірі – командадағы көшбасшы, мектептегі көшбасшы, өмірдегі көшбасшы растайды.

Екі күн ішінде форумға түрлі саладағы танымал кәсіпқойлар, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің түлектері қосылды. Психология ғылымының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская Мәскеуден байланысқа шықты, ол Зияткерлік мектептермен ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс жасап келеді. Онлайн семинарда форум қатысушылары жеке және командалық тиімділікті дамыту тәжірибесі мен дағдыларын талдады.

Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Әр Зияткерлік мектептің көшбасшысы түрлі бағыттағы эксклюзивті жобаларын ұсынды.

Тәуелсіздік феномені, түрлі мәдени ағымдарға көзқарас, ХХІ ғасырдың басым мамандықтары, әлемдік және қазақстандық бизнестегі бос нишалар, сәтті немесе сәтсіз стартаптар, жаһандық сипаттағы инновациялық трендтер – осы және өзге де тақырыптарды форумның арнайы сессиясында «KPMG Central Asia» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры, шақырылған George Washington University профессоры Данияр Қосназаров ұсынды. Face to face форматындағы кездесуде спикер өмірлік траекторияны құру туралы өз ойларымен бөлісті:

– Өршіл болыңыз, көкжиегіңізді кеңейтіңіз және өміріңізге түбегейлі өзгерістер енгізуден қорықпаңыз. Бұл көшбасшы бойындағы басты қасиеттерінің бірі.

«Жасанды интеллект Корея медицина ғылымында танымал ма?» – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы заманауи трендтер туралы қызықты әңгіме «Medical Partners Korea Clinic» Қазақстан-Корея клиникасының топ-менеджерлері Kim Kwangbum, Kim Dae-Young және медицина ғылымының докторы Ғалымжан Тоғызбаевпен өтті. Форумның арнайы сессиясы NIS президенттеріне болашақ мамандықты, әсіресе медициналық және химия-биологиялық профильді таңдауда пайдалы бағдарлар алуға мүмкіндік берді.

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ делегаттарды форумның сәтті өтуімен құттықтап, президенттерді мектептер арасындағы ынтымақтастықты онлайн форматта жалғастыруға шақырды.

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Камилла Машанло Оқушылардың өзін-өзі басқаруының «көркемдік-эстетикалық даму» бағыты бойынша «Прогресс қозғаушысы»ретіндегі рөлі тақырыбында  таныстырылым жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.