Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі күніне орай Талас ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды

0 12

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі күніне орай, Талас ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өткен жылдан бері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Талас ауданында биылғы жылға жоспарланған соңғы баспана пайдалануға берілді.

 «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша биыл ауданда барлығы 8 үйдің кілтін табыс ету жоспарланған. Бүгінгі Үшарал ауылдық округі, Қайыр ауылында пайдалануға берілген 5 бөлмелі үй соның соңғысы.

Ауылда бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Роман Әлімханұлы Қырықбаев арнайы барып, аталған баспананың берілуіне үлес қосқан барша қауымға алғысын білдіріп, осы игі істің басы қасында болып демеушілік көрсеткен абзал азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Баспана кілтін көпбалалы, аз қамтылған отбасы Токушев Қанатқа салтанатты түрде табыс ету ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Жүсіповке берілді.

Бізге қамқорлық көрсеткен жандарға айтар алғысым шексіз. Енді үйіміз бар, келесі мақсатымыз — балаларымызға тәрбие беріп оқыту, елін сүйер азамат қылу. Асар жобасына ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, аудан басшылығына және барша қолдау көрсеткен ауылдықтарға рақметімді айтамын», — деді Токушев Қанат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.