Жамбыл ауданында 140 орынды Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде

0 5

Жамбыл ауданында 140 орынды Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде инфестициялық, әлеуметтік жобалармен қатар мәденит саласында атқарылған жұмыстарды да көрді. Аймақ басшысы Өрнек ауылында болып, 140 орынды Мәденит үйінің құрылысын көрді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан өнер ошағының құрылысын «ЖаңаКемерҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргесі тіктеліп, қабырғалары қаланып, шатыры жабылғанын, құрылыс жұмыстары бақылауда екенін, сонымен қатар өнер ордасы аудан орталығынан алшақтау орналасқан Тоғызтарау, Ерназар елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсететінін жеткізді.

Жалпы Жамбыл ауданында 4 Мәдениет үйі және 10 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы құрылыс уақытылы әрі сапалы жасалу керекгін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.