Мойынқұмда өндіріс көлемі артып келеді

0 20

2021 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң динамика қалыптасты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құрылыс жұмыстары 124,0%-ы, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 4,5 есе артып, бөлшек сауда айналымы 120,3%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 99,6%-ы құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,6% болып қалыптасуына “Алтыналмас” АҚ Ақбақай филиалындағы “Карьерное” шахтасындағы қоры азайып, жаңа “Олимпийское” карьеріне ауысуына байланысты жұмысы уақытша тоқтауы әсер етті.

Салдарынан алтын өнімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,0 кг-ға кем Ағымдағы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 85 420,1 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,3% құрайтын болады деп күтілуде. Бұл бағытта “Алтыналмас” АҚ Ақбақай филиалымен жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылмен салыстырғанда жылдық өнім көлемі артығымен орындалып, ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артуына ықпал ететін болады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.