Мойынқұм ауданында төрт-түліктің саны артты

0 1

Мойынқұм ауданында төрт-түліктің саны артып келеді. Қазірдің өзінде ұсақ мал саны 200 мыңға жақындаған,- , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кеңестік дәуір кезінде мал өсірумен аты шыққан Мойынқұм ауданы нарық заңының қатал қыспағына қарамастан төрт-түлік санын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Ең бастысы – ата кәсіп мал шаруашылығын дамыту ісіне ден қойған кәсіпкерлеріміздің қатары көбейді. Оларға мемлекет тарапынан да қолдаулар аз көрсетіліп жатқан жоқ. Бүгінде ауданда мүйізді ірі қара 51843, қой-ешкі 193 739, жылқы 9501, түйе 1574 басқа жеткен. Мал санының өсуіне «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары ықпал етуде.

«Агрофирма Түрікпен» ЖШС «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қомақты несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмысын ұтымды жүргізіп отыр. Бүгінде серіктестік иелігінде 6584 қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара, 310 жылқы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.