Жуалы ауданында 151 балаға мерекелік сыйлықтар табысталды

0 8

Биыл Жуалы ауданы тұрғындарына Жаңа жыл мерекесінің мәнін сезіндіру үшін ауылдарда аудан көркемөнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынуда  , – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

️Ерекше атап өтерлігі, биыл «Б.Момышұлы атындағы мейірімділік қоры» арқылы, мекеме басшылары, депутаттар және кәсіпкерлердің күшімен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі 150 балаға мерекелік сый-сияпаттар жасалды. Одан бөлек, «Мейірімділік жүректен» ұранымен 19 тұл жетім балаға аудан әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлық табысталды. Бұл сыйлықтарды Жаңа жылдың негізгі сәні Аяз ата мен Ақшақар арнайы көліктермен барып табыстап қайтқан болатын.

️Сәрсенбінің сәтті күні Жаңа жылдық сыйлықтарды балаларға табыстау үшін және оларды жарқын мерекемен құттықтап, қуанту үшін Аяз ата мен Ақшақарлар және мереке кейіпкерлері аудан орталығынан салтанатты түрде ауылдарға аттанды. Осы күні аудандық «Достық» мәдениет үйінің ауласында шағын жиын ұйымдастырылып, онда аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Жабағы, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, «Б.Момышұлы атындағы мейірімділік қорының» президенті, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

️Мерекелік тілектерден соң Аяз ата мен Ақшақарлар және Жаңа жыл кейіпкерлерінің киімін киген аудан өнерпаздары балаларды қуантуға ауылдарға аттанып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.