Бас прокуратура оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға кепілдік береді

0 3

Бас прокуратура заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға кепілдік береді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері қаруларды өз еркімен тапсыру мүмкіндігі бар екенін хабарлады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл шара қылмыстық қудалаудан босатады. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұған қандай кепілдіктер бар және қандай жағдайда бұл мүмкін болатынын түсіндіріп өтті.

«Бас прокуратура, қаруларды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтап, өз еркілерімен тапсырған тұлғаларға, қылмыстық жауаптан босату кепілін береді. Адам қарумен жүріп, құқық қорғау органдарымен ұсталса, ондай жағдай, өз еркімен қаруды тапсыру деп танылмайды. Ішкі істер органдарына заңсыз айналымнан атыс қаруларын алу бойынша жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жандандыру туралы тапсырма берілді»,- деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, ол прокурорлар жергілікте процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстық істерді объективті тергелуі бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатқанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.