Бас прокуратура: әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделенуде

0 1

Прокуратура органдары халық арасында көз жұмғандардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделенуде. Осыған байланысты, прокурорлар 3 дерек бойынша қылмыстық істерді адам өлтіруге қайта саралады. Сонымен бірге, келтірілген деректер түпкілікті емес, жұмыс көп еңбекті қажет ететінін атап өтемін», — деді Бас прокуратура өкілі.

Құқық қорғау органдары қылмыстық істерді тергеу мен қоса, жымқырылған қаруларды іздеу және оларды алып қою жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.