Прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдетуге арналған 13 өтініші соттарда қаралуда

0 0

Прокурорлардың өтініштері бойынша қаңтар оқиғаларына байланысты 1149 адам қамауға алдан босатылды. Жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Оның мәліметінше, соттар 9257 әкімшілік істі қарады. Олардың жартысына жуығында ешқандай жаза қолданылған жоқ.

«Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініші бойынша 1149 адам қамауға алудан босатылды, 577 айыппұл ескертулерге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамның болмауына байланысты толығымен тоқтатылды. Осылайша, сот әкімшілік қамауға алған 3314 адамның 63-і бүгінде қамауға алынғанына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретте, прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдету туралы тағы 13 өтініші соттарда қаралуда», деді бас прокуратураның өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.