Адам құқықтары жөніндегі уәкіл анонимді хабарламаларын тексеруге шақырды

0 6

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураны азаматтардың әлеуметтік желілердегі барлық анонимді хабарламаларын тексеруге шақырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Барлық айтылған мән-жайлар мен азаматтардың қылмыстық қудалану қауіпін ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға нақты шағымдардың түсуін күтпестен, өз мандаты шеңберінде барлық анонимді хабарламаларды, сондай-ақ әлеуметтік желідегі хабарламаларды тексеру бойынша жүгінді. Оның ішінде құқық қорғау органдары орын-жайларындағы бейнежазба деректері пайдаланылады. Бұл туралы Эльвира Әзімованың өзі айтып берді.

«Азаматтардың ықтимал заңсыз қудалануы туралы алаңдаушылығын ескере отырып, тергеу органдарына физикалық келуді талап етудің орнына адвокаттардың қатысуымен онлайн жауап алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз БАҚ-та және прокуратура атына өтініш жасауға бел буған азаматтарды қудалау мен оларға қысым жасауды болдырмауымыз қажет. Прокуратураның резонанс тудырған БАҚ пен әлеуметтік желідегі барлық өтініштерге жедел және жария әрекет етуі өте маңызды», — деп түсіндірді омбудсмен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.