Істерді қарау және сот ісін жүргізу кезінде көрсетілетін заң көмегінің сапасы мен уақтылығын ескеру қажет-Э. Әзімова
Ұсталған және қамауға алынған азаматтармен әңгімелесу көрсеткендей, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тартылған кейбір адвокаттар ұсынатын қорғаныс сапасына қатысты шағымдар бар. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова өз бақылауларымен бөлісті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Бұл фактіні соттар мен тергеушілер істерді қарау кезінде ескеруі керек. Мұндай көмек ұсынылған көптеген азаматтар кері байланыс үшін өз адвокаттарының мәліметтерін және олармен қалай байланысуға болатынын білмеді. Қысыммен алынған барлық дәлелдер жарамсыз. Бұзушылық туралы өтінішпен жүгінгендерді қайтадан виктимдеуге жол бермеуіміз керек. Бұл қылмыстық істер бойынша куәгер мәртебесі бар азаматтарға да қатысты. Азаматтардың ықтимал заңсыз қудалануы туралы алаңдаушылығын ескере отырып, тергеу органдарына физикалық келуді талап етудің орнына адвокаттардың қатысуымен онлайн режимінде жауап алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз БАҚ-та және прокуратура атына өтініш жасауға бел буған азаматтарды қудалау мен оларға қысым жасауды болдырмауымыз қажет. Прокуратураның резонанс тудырған БАҚ пен әлеуметтік желідегі барлық өтініштерге жедел және жария жауап беруі өте маңызды. Процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатыгездікпен қарау, адвокаттардың болмауы, психологиялық қысым жасау және басқа да бұзушылықтар туралы хабарламаларды судьялар мен прокурорлар ескеруге тиіс. Бұл әкімшілік жаза туралы сот шешімдеріне де қатысты», — деді омбудсмен.