Қаңтар трагедиясы кезінде зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін барлық аймақтарда жедел желі телефондары іске қосылды Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Республикалық заң консультанттары алқасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтарға көмек көрсету жөніндегі бастамасын қолдады. Бұл туралы бүгін республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Бақтыгүл Атағазиева мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ол осы күндері жүгінген қазақстандықтарға қандай мәселелер бойынша кеңес берілгені жайлы айтып берді.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атап өткендей, көбіне білікті заң көмегі қажет болды. Әсіресе ұсталған азаматтар. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы алқа мүшелері «Атамекен» ҰКП, «Әділдік жолы» РҚБ, өңірлердің әділет департаменттері мен әкімдіктерде жедел мобильді кабинеттер ұйымдастырды», — деп хабарлады спикер.
Барлық өңірлер бойынша заң кеңесшілерінің сенім телефондары жарияланды.