31 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болған

0 38

31 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болған. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов брифингте айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жалған қаржы пирамидалары мен алаяқтар күн санап көбеюде. Олардың құрығына түсіп, қаржысынан қағылғандар да азаймай тұр.

Осы уақытқа дейін алданған 31 мыңнан астам азамат жалған ұйымдар мен алаяқтарға 54 млрд теңгеден астам қаржысын берген. 2020 жылы қаржы пирамидасына  қатысты 149 қылмыстық іс сотқа жолданса, өткен жылы мұндай фактілер саны 213 ке дейін өскен. Алаяқтықпен айналысқан 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 38-і сотталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.