160 жамбылдық жасөспірім ішкі істер органына жеткізілді

0 31

160 жамбылдық жасөспірім ішкі істер органына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жыл басынан бері полиция қызметкерлері 185 рейд өткізген. Шара барысында 163 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың 109-ы түнгі уақытта үлкендерсіз үйінен тыс жерде жүрген. Олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзудың 4 дерегі анықталған. Аталған дүкендердің иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартылыпты.Сонымен қатар, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көңіл көтеру орындарына 19 кәмелетке толмаған баланы жіберген 10 дерек анықталды.Кафе-барлардың иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша, ал заңды өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық есепке 11 кәмелетке толмаған жасөспірім және 5 қолайсыз отбасы қойылды. Арнайы мектепке екі жасөспірім орналастырылды, екі заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.
— Олардың заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеу үшін кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын әрдайым бақылау қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылданатын болады, — деп хабарлады ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.