Тараз қаласының тұрғыны «жалған сертификаттар» сатпақ болған

0 21

Жамбылдық полицейлерге Қазақстанның әр өңірінен 10 азаматшаның шағымы түсті. Олар әлеуметтік желілер арқылы біліктілікті арттыру сертификаттарын дайындауға уәде берген әйел адаммен танысып, жіберген ақшаларын алған соң ол телефонын сөндіріп із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған. Жалған сертификаттар үшін жәбірленушілер 80 000-нан 160 000 теңгеге дейінгі түрлі көлемде ақша жіберген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған деректерге қатысты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.