Жамбылдық полицейлер «Есірткісіз Қазақстан» акциясын өткізді

0 19

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз Қазақстан» акциясын өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Іс-шара Жамбыл облысының Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының, Тараз қаласының әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен, сондай-ақ волонтерлермен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жамбылдық полицейлер тыйым салынған заттардың жасөспірімдердің ағзасы мен психикасына ауыр зиян келтіретінін айтты.

Білім алушыларды қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткіні жарнамалауға қатысты граффити жазбаларды алып тастау бойынша іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Полиция қызметкерлері граффити жазбаларды жазу және компьютерлік желілерде есірткі туралы мәліметтерді тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын жастарға түсіндірді. Осыған қатысты ҚР ҚК 299-1 – бабының 1-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, 2-бөлігі бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Акцияға қатысушылардың назарына қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдері ұсынылды.

Студенттер сауалнамаларға белсенді қатысты. Іс-шара олардың психотроптық белсенді заттардың адам денсаулығына зияны туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік берді.

— Осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға шақыру, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, — деп атап өтті Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.