Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарына арнап жасаған тойда қонақтарға акуланың етінен жасалған тағам ұсынған. Әнші жыртқыш балықты арнайы АҚШ-тан алдырған.
Белгілі аспаз Бағдат Қадыров шетелден арнайы тапсырыс беріп алдырған акуланы сойып, етін бұқтырып, қонақтарға қызыл балық етімен қоса тартыпты.
Аспаздың айтуынша, акула арнайы АҚШ-тан жеткізілген. Келісі 15 мың теңге тұрады. Сондай-ақ Әбдіжаппар досы болғандықтан, одан ас мәзірін дайындағаны үшін ақша алмапты. Дастархан шамамен 400-ден астам қонаққа жайылған.
Бағдат Қадыров кезінде Елбасыға да бір-екі мәрте тамақ тайындап бергенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожаның 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасағанын жазған едік. Әнші қос ұлын сүндетке отырғызған. Ол 2 ақпанда инстаграм парақшасына көкпарға шақырту жарнамасын жүктеген. Тойдың салым қоры деп – 10 млн теңге, 5 автокөлік, 5 түйесі бар 9 ірі қара мал деп көрсетілген.
Ал аспаз Бағдат Қыдыров жүлдеге тігілген көлік санының 10-нан асқанын хабарлады.