Автобус жедел алдын -алу іс-шарасы өткізіледі

0 40

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Жамбыл облысының аумағында «Автобус»жедел -алдын алу іс-шарасы өткізіледі , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолында қалааралық автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуын анықтау және жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Тәртіп сақшылары маршрутта жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін және жүргізушілерде тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Сондай-ақ, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы да тексеріледі.

— Жедел -алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 287 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 92-сі республикалық маңызы бар тас жолда анықталды.

Ең жиі кездесетіні-маневр жасау ережелерін бұзу. Тек екі күннің ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595- бабы бойынша 50-ден астам автобус жүргізушісі тартылды, — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Айыппұл автотұрағына барлығы 11 автобус қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті автобус жүргізушілеріне ҚР «Жол қозғалысы ережелерін», жолаушыларды тасымалдауда қойылатын талаптарды қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.