Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйден өз бетінше кету дерегінің төмендеуі тіркелді. Статистика көрсеткендей, соңғы уақытта біздің облыста кәмелетке толмағандардың үйден өз бетінше кету санының төмендеу үрдісі байқалады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мысалы, облыста 2022 жылдың бір айы мен ақпанның 20 күнінің қорытындысы бойынша үйден 27, ал өткен жылдың 2 айында — 32 үйден шығып кету дерегі тіркелген, бұл 15,6% — ға аз. Сондай-ақ, бүгінде барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды. Іздестіру кезеңінде балаларға қатысты не олардың қатысуымен жасалған қандай да бір қылмыстарды жасау деректері тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, статистикалық талдау бойынша үйден кетудің негізгі себептер отбасындағы жанжалдар, ата — аналардың жұмыста болуы, нәтижесінде балалардың бос уақытына және кімдермен байланыста екендігіне бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың бос уақытының ұйымдастырылмауы, отбасылық қиындықтар мен жасөспірімнің өзін дәлелдеуге ұмтылысы және қадағалаудан шығып кетуі, ал аз бөлігі жасына байланысты адасқан балалар екенін көрсетті.
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында әкесімен тұрмыстық жанжал негізінде болған отбасылық жанжал нәтижесінде Қордай ауданы Қарасу ауылының 17 жастағы жасөспірім үйінен кетіп, оралмады. Іздеу шараларының нәтижесінде жасөспірім табылды.
Анықталғандай, бала әкесімен тіл табыса алмайды, оның ескертулеріне жиі ренжиді.
Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамайтын заңды өкілдеріне қатысты алдын алу іс-шараларды жандандырды.
Полиция қызметкерлері бірнеше рет қаңғыбастық деректері үшін кәмелетке толмағандарды мамандандырылған мектепке жіберу туралы мәселені қарау үшін материалдар жинауды жүзеге асырады.
— Барлық ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді өз балаларының мінез-құлқы мен байланыстарына тиісті көңіл бөлуге шақырамын. Баланы не
мазалайтынын білудің ең жақсы тәсілдерінің бірі әрі маңыздысы -ашық және шынайы әңгімелесу.
Сіздің немқұрайдылығыңыз оларды қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін», — деді өз сөзінде облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.