Жамбылдық полицейлер 137 тонна күкірт қышқылын тәркіледі

0 34

2022 жылдың 21 ақпанынан бастап Жамбыл облысының аумағында республикалық кең ауқымды «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тәулік ішінде есірткі қылмысының 22 дерегін анықтады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша — 1 дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) 2 дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) — 1дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 1-бөлігі (Контрабанда) бойынша 1 дерек тіркелді.

Сондай-ақ, 6 қылмыстық теріс қылық, 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 30 дәріхана, 2 емхана, 3 емдеу мекемесі, 1 денсаулық сақтау мекемесін тексерді.

2 тәулік ішінде заңсыз айналымнан 9,37 гр «PVP» синтетикалық есірткі заты, 65 ампула «Морфин» есірткі заты, 137 тонна 224 келі “Күкірт қышқылы» прекурсоры алынды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.