Жамбыл ауданында аудан, ауыл әкімдерінің халыққа есеп беру жиындары жалғасып жатыр. Кезекті жиын Тоғызтарау ауылдық клубында өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ауыл халқы өткен жылы атқарылған жұмыстың есебін тыңдап, басшыларға биылғы жылы кезек күттірмейтін мәселелерді жеткізді. Айтмұханбет Тұтқышбаевтың айтуынша, «Сұлтан» каналы бойындағы көпір бұзылған. Жаңа көпірдің құрылысын жүргізу қажет.
Рахман Төлеков Т.Рысқұлов көшесіне шағал тас төсеу керектігін, Сабитхан Қожанов, Алпысбай Жұмабековтер ауыл тұрғындарына мәдениет үйі қажеттігін айтты. Сондай-ақ, несібесін жерден терген ағайынға егістік жерді ылғалдандыратын су қажет.
Аса өзенінінң бойынан су қағар орнату -тиімді шешім болар еді,-деді тұрғындар. Ауыл жұртының қажетін тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы су қағар орнату мен көпір салу назарға алынғанын, өзге ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асыралатынын жеткізді.