Ерназардағы есеп: ағын су мен егістік жер

0 25

Аудан, ауыл басшыларының есептік жиыны Ерназар ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Жыл айналып өтетін қорытынды жиынға ауылдағы ағайын көптеп жиналды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Мұндағы жұрттың да кезек күттірмейтін мәселесі жетерлік. Ағын су мен егістік жер тапшы. Егістікті суландыру мәселесі де шешімін таппай отыр. Сұлукөл арқылы Базарбай мен Шиелі каналдарынан су тартуды қолға алу қажет. Тұрғындар айтқан мәселелер аудан басшысына да таныс.

– Ауылшаруашылығы саласында талай жыл еңбек еттім. Сіздердің жағдайды жақсы түсініп отырмын. Ағын суды тиімді пайдалану үшін 19,4 шақырымды құрайтын Базарбай мен 15.2 шақырымға созылған Шиелі каналдарының табанын бетондау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта судың ысырапсыз пайдалануын қадағалайтын боламыз. Мәселе назарға алынды– деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Жиында бұдан өзге Әбілхайым көшесінің трансформаторы қажетті қуат көзін тарата алмай отырғандығы, көшеде жарық көзі жиі сөнетіні, Жаманқұл Түгелбай атындағы күрес залын әкімдік меншігіне алу бойынша құжаттар заңдастырылмай жатқандығы айтылды. Ағымдағы мәселелерді жауапты мамандарға тапсырған аудан әкімі күрес залын арнайы барып көрді. Тұрғындарға теңгерімге алу жұмыстарын қолға алатынын, сондай-ақ ауылдағы ашық алаңның жасанды тоғанын төсеу үшін ауыл әкіміне жобалық-сметалық құжатын жедел әзірлеп, аудан әкімдігі экономика бөліміне ұсынуды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.