Ауылда ауыз су жүйесінің тозығы жетіп тұр

0 24

Кезекті есептік кездесу Өрнек ауылының тұрғындарымен өтті. Жиында өткен жылы жасалған жұмыстардың есебі берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Округте былтыр Әшімұлы, Мұқанов, Әбілдәұлы, Саухатов көшелері асфальттанған, Мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға даяр тұр. Бірқатар шешілмеген мәселе де бар. Ауылда 2005 жылы пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің тозығы жеткен.

Жөндеуден өтіп жатқан каналдардың құрылысы баяу. Ә.Молдағұлова, М.Мәметова көшелері мен қиылыстарын асфальттау да кезек күттірмейтін мәселе. Аудан әкімі аталған көшелерге жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенін, бюджеттік нақытылауда тағы бір қарайтынын айтты. Ауылға қажетті әмбебап залы бар спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары ұсынылған.
Сондай-ақ, ауыл имамы Оңласын Атыхаев Жұма Көктөбе көшесінің тозығы жеткенін, Өрнек және Жұма стансасына бейнебақылау камералары қажеттігін жеткізді.

– Ауыл ақсақалдарының ауыл-аймақтың жайын күйттеп, шешілу жолдарына араласуы қуантады. Өзіңіз айтқан Көктөбе көшесі және Жұма мен Өрнек ауылдарына бейнебақылау камераларын орнатуға уәде беремін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.