Жетісайлық диқандар қауын егуді бастап кетті. Ынтымақ ауылдық округінде орналасқан «Nur Daut» шаруа қожалығы 28 гектарға қауынның ерте пісетін «Аэропорт» сортын егіп жатыр. Одан бөлек 30 гектарға қырыққабат отырғызылып, олар қазіргі таңда түйнеп үлгерген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
– Он жылдан бері осы диқаншылықпен айналысамыз. Негізгі күн көрісіміз – осы. Мұнда қазір 100 адам жұмыс істеп жатыр, жұмысшыларға күніне 3500 теңгеден еңбекақысын төлеп отырмыз. Құдай қаласа, 3 айдың көлемінде еккен егініміз пісіп, жетіледі. Егілген көшеттің үстін жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек, – деді шаруашылық төрағасы Жұлдызхан Нұрмахан.