Ресейлік кәсіпкер Александр Конаныхин Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Владимир Путинді кінәлай отырып, оның басын әкелген адамға миллион доллар сыйақы беретінін хабарлады. Ол мұны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
55 жастағы кәсіпкер «өзінің конституциялық міндетін орындай отырып, Путинді Ресей және халықаралық заңдарға сәйкес әскери қылмыскер ретінде тұтқындайтын офицерге немесе офицерлерге» осындай қомақты ақша уәде етеді.
«Путин – Ресей президенті емес, өйткені ол Ресейдегі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі арнайы операцияның нәтижесінде билікке келді, содан кейін еркін сайлаудан бас тартып, қарсыластарын өлтіру арқылы Конституцияны бұзды», – деп жазды ол.
Артынша “Мен Украинаға оның Путин ордасының қысымына қарсы ерлік әрекеттеріне көмектесуді жалғастырамын», – деп жазбасын жалғастырды Конаныхин.