Мал ұрлығының алдын алу мен оған қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ қылмыстың осы түрін жасауға ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 1-10 наурызы аралығында «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жедел -алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 2 күн ішінде 9 қылмысты ашты, оның ішінде 7-і бұрын жасалған.
Мысалы, полицияға Жамбыл ауданының 58 жастағы тұрғыны шағымданды. Ер адам 2021 жылдың 18 желтоқсанында сағат 17:30 шамасында белгісіз адам шаруа қожалығынан 3 сиырды жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шығын көлемі шамамен 1 000 000 теңгені құрайды.
Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Іс-шара басталғаннан бері барлығы 12 бас мал заңды иелеріне қайтарылды.