Мойынқұм ауданында халық алдындағы есеп беру жұмыстары басталды

0 84

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару және өзін – өзі басқару туралы Заңының бекітілген кестеге сәйкес Мойынқұм ауданы әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы халық алдындағы есеп беру жұмыстары басталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Осыған орай Мойынқұм ауданның әкімі Әлихан Балқыбеков алғашқы есеп беру үшін өндірістік аймақтағы Мыңарал , Шығанақ, Ақсүйек ауылдық округтерінде болып, округ әкімдерімен халық алдындағы бірлескен қорытынды есебін өткізді.

Есеп беру кездесуінде алдымен округ әкімдері ауылдағы атқарылған жұмыстарды айтып өтсе. Аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы халық алдындағы есебін 2021жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен бастап оның оң динамика қалыптасқанын айтып өттіп өнеркәсіп саласына тоқталды.
Есепті жыл ішінде ауданның негізгі саласы 11 өнеркәсіп кәсіпорындарымен 86,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 7,9 млрд. теңгеге артты. Дегенмен өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,0% құрады. Оның себебі, өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібі 79 631,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға орындалды. «Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 1856,0 кг алтын өнімін өндіріп, 2020 жылдың (2020 жылы — 1912,0 кг) тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,0 кг алтынға кем өндірді. Алтын өнімі Ақбақай ауылындағы «Карерьное» кенішінде шикізат қорының азаюынан, жаңа ашылған «Олимпийское» кен орнына көшуіне байланысты өнім көлемі төмендеген.

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-мен 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өндірілген өнім көлемі 1 578,2 мың тонна цементті құрап, 2020 жылдың (2020 жылы — 1592,0 мың тонна) тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,8 мың тонна цементке кем өндірген. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-і 2021 жылы 1060,0 мың тонна клинкер өндіріп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 91,9 мың тоннаға азайған (2020 жылы — 1151,9 мың тонна) Цемент өнімі Жамбыл цемент өндірістік компаниясында техникалық жұмыстар жүргізілуіне орай «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясынан ажыратылған болатын. Салдарынан зауытта 3 күнге жұмыстар тоқтатылып өнім көлемі азайған.

Ауылдық округтерде өткен кездесуде ауыл тұрғындары балық,мал шаруашылығына байланысты ұсыныстарын айтып, электр желлілері, ауылдағы көшелерді асфалтьтау, жарықтандыру, ауыз су мәселелерін көтерді. Өз кезегінде аудан әкімі Әлихан Балқыбеков нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелерді заңдылықтарға сай шешілетінін айтып, басқада сұрақтар бойынша ауыл әкімдеріне тапсырма берді

Leave A Reply

Your email address will not be published.