Жамбыл облысында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 50 есірткі қылмысы анықталды

0 27

Жамбыл облысының аумағында республикалық кең ауқымды «Дәрмек» жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты- есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 50 бұзушылықты анықтады

Оның ішінде 11 қылмыс дерегі, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша 4 дерек (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау), ҚР ҚК 286-бабының 1-бөлігі бойынша 1 дерек (контрабанда), ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша 5 дерек (есірткіні өткізу мақсатынсыз, аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау), ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша 1 дерек (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) анықталды.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша (өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) 15 қылмыстық теріс қылық тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел- алдын алу іс-шарасы барысында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлері 97 дәріхананы, 2 қойманы, 6 емдеу мекемесін, 5 өнеркәсіптік кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде 24 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 10 дерек (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі бойынша 14 дерек (есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) анықталды.

 Бес тәулік ішінде заңсыз айналымнан 10 келі 465 гр «марихуана», 8,55 гр «гашиш», 782,38 гр «Альфа PVP» синтетикалық есірткі, 4,69 гр «канабис шайыры», 65 ампула «морфин» есірткі дәрісі, адам ағзасына зиян келтіретін 335 дәрілік препарат, сондай — ақ 137 тонна 909 келі түрлі прекурсорлар: 137 тонна 224 келі «күкірт қышқылы», 481 келі «тұз қышқылы», 154 келі «азот қышқылы», 50 келі «Толуол» улы химикаты» тәркіленді, — деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.