Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев ауылдық округ әкімдерімен бірлескен 2021 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы есебі жалғасуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Кезекті кездесу аудан орталығынан шалғай орналасқан Шоқпар, Далақайнар, Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде жалғасты. Аудан басшысы Сәкен Қаланұлы аудандағы әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштермен, атқарылған айтулы жұмыстарға тоқталып өтті.
Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына баса назар аударып, шалғайда орналасқан ағайынның айқайы алдағы уақытта өз шешімін тауып, шетте қалмайтынын жеткізді.