Ғасыр куәгеріне құрмет көрсетілді

0 43

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев ғасыр куәгері, Өндіріс ауылының тұрғыны Өмірбаева Бибіайша ананың шаңырағына құттықтап барды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ғасыр ғұмырдың 100 көктемін көзбен көрген қарт әженің жүрісі шапшаң, қимылы ширақ. Тыл еңбек ардагері аудан әкіміне жүріп өткен өмір жолын аз-кем сабақтап, аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Қызығы сол, Бибіайша ананың қолдағы келіні де сексеннің сеңгіріне шыққан. Алтын құрсақты ана Күлпаш Әбілқасымова да 10 баланы өмірге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Тамырын тереңге жайған үлкен әулетке аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы береке мен бақыт тіліп, гүл шоқтары мен арнайы мерекелік себетті сыйға тартты.

Айта кетейік, күні кеше М.Сұлтанғалиевтің төрағалығымен, аудандық «Аналар» форумы өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.