Жолдау жүктеген міндеттер Байзақ ауданында жүйелі жүзеге асады

0 12

Ел Президентінің әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы жүйелі түрде орындалуы тиіс. Әр отбасының тұрақты табысы болуы маңызды. Байзақ ауданында осы бағытта 2025 жылға дейін инвестициялық 7 ірі және 101 шағын жобаны жүзеге асыру көзделуде — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Нәтижесінде, жалпы 1250-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов «Байзақ ауданының даму жоспарын» облыс әкіміне баяндау барысында айтты. Бақыт Қазанбасовтың баяндамасына сүйенсек, аудандағы барлық елді мекендерді газдандыру мәселесі де биыл толығымен шешіледі. Үкімет басшысы айтқан таза ауыз сумен қамту Байзақта алдағы төрт жылда 100 пайызға орындалады. Облыс әкімі жоспарланған әр жобаны жеке-жеке талқылап, ол бойынша тиісті басқармалар мен аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстарын тыңдады.

Бюджеттік жобалармен шектелмей, қосымша қаражат көздерін табу, инвесторлар тарту қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ, жиын барысында басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің маңыздылығын айтылды. Олар мәселені анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын да зерделеп, ұсыну қажет.

Бірқатар жобаларды салалық басқармалармен бірлесіп, қайта саралап, жан-жақты қарастыруды тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.