Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Мойынқұм ауданына барды

0 6

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Мойынқұм ауданына барды. Ол алдымен Ұланбел ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте болды, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жергілікті полиция бөлімшесі орналасқан жаңа нысанды аралады. Одан кейін облыс әкімі күрделі жөндеуді қажет ететін Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің жай-күйінн назар аударды . Сондай-ақ, Қылышбай ауылында су құбырының жұмысын тексерді.

Аудан активімен кездесуде Нұржан Нұржігітов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің есебін тыңдады. Облыс әкімі азаматтардың табысын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аймақ басшысы бүгін Бірлік ауылындағы мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Мирный кентіндегі бірқатар кәсіпорындарды аралайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.