Биыл 50 мыңға жуық жамбылдық жұмыспен қамту шараларына тартылатын болады

0 14

Биыл Жамбыл облысында 50 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылмақшы. Жыл басынан бері екі қолға бір күрек тапқандардың саны 15 мыңнан асқан,-деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

Биылғы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аяқталып, «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі басталады.
Бұл бағытта кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыруға 7,5 млрд теңге бөлінді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға Ұлттық қордан 2,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Ағымдағы жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15741 адам қамтылды. Жыл соңына дейін 49500 жамбылдық қамтылатын болады. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 7438 отбасына (38 871 адам) АӘК тағайындалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 23,2 пайызға азайған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Отбасының цифрлық картасын» құру жұмыстары жүзеге асуда. Бұл жоба балалары бар табысы жоқ, көп балалы отбасы, мүгедек, асыраушысынан айырылған тағы басқа санаттағы адамдардың деректерін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алмау себептерін анықтау бойынша қайта тексеруді жүзеге асыру, олардың деректерін осы жүйеге енгізуді көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.