Аймақ тұрғындары пилоттық жобаның жемісін көруде

0 20

Өңірде іске асырылып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы өз нәтижесін көрсетуде. Мәселен, Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш және Тоғызтарау елді-мекендерінің тұрғындары жобаның 5 бағыты бойынша кәсіптерін дамытып, тұрмыстарын түзеген, -деп жазады «ZhambylNews» АА.

Жобадағы 5 бағыт бойынша Бесағаш ауылдық округіне 1 млрд 35 млн теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 895 млн 490 мың теңге 2,5 пайызбен 279 өтінім қаржыландырылса, жергілікті бюджеттен «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативінің айналым қаражаты мен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 139 млн 510 мың теңге 5 пайызбен несиелендірілген.
Округ тұрғындарының үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 1117 аулаға 155 гектар жер телімі мен айналым қаражатына 13,3 млн теңге несие қаралды.

Мал шаруашылығын дамыту үшін 276 несие алушыға 797,350 млн теңге беріліп, бұл қаражатқа 4760 бас мал алынды.
Жобаның тиімлігін көріп отырғандардың бірі- «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі. Құрамында 110 мүшесі бар. Жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп төрт-түліктің санын көбейтіпті. Одан бөлек мал азығы үшін 1335 гектар жерді игеруге қажетті сапалы тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттарын сатып алуға 38 млн 800 мың теңге алған. Сонымен қатар биыл 1355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын сепкен. Оның ішінде бидай – 180 гектар, арпа – 229 гектар, жүгері – 100 гектар, көпжылдық шөп 646 гектарға және рапс дақылдары 30 гектарға егілді.

Пилоттық жобаның 5-ші бағыты, яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты бойынша ауыл тұрғыны З.Парпиева мен К.Мухтаварға кондитерлік цехын ашуға 1 млн 860 мың теңге қаражат беріліп, жоба іске қосылды. Мұнда бүгінге дейін 3,4 тонна кондитерлік өнімдер өндірілді, сондай-ақ, 2 адам жұмыспен қамтылды. Ал, Өрнек ауылдық округінде 393 млн теңгенің жобалары қолға алынды.
Аудан аумағында шалғай орналасқан Тоғызтарау және Ерназар елді мекендеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Осы елді мекендерде су тапшылығына қарамастан аула іргесіндегі жерлерін тамшылатып суару арқылы мол өнім алып отырғандығы анықталды. Атап айқанда, Тоғызтарау ауылының тұрғыны П.Онғарбаев ауласындағы 36 сотық жерге тамшылатып суару арқылы дақыл егіп, пайда тауып отыр. Дәл осындай жағдай, Ерназар ауылының тұрғындары Ш.Аубакиров жүгері және К.Шынтасов көкөніс егіп, жерді тиімді пайдалануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.