АХҚО «Astana Finance Days-2022» V жыл сайынғы қаржылық-инвестициялық конференциясын өткізді

0 8

Елордада 27-29 маусымда АХҚО «Astana Finance Days-2022» V жыл сайынғы қаржылық-инвестициялық конференциясын өткізді , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық өсуі талқыланды. «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 маусымында Катар делегациясының қатысуымен «Qatar – Kazakhstan Business Day» бизнес-форумы өтті.

– «Тараз» ӘКК біздің оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін белсенді түрде ілгерілетіп келе жатқаны үшін мақтаныш сезімін ұялатады. Өңірге шетел инвестициясын тартып жатырмыз, бұл жақсы жаңалық. Бизнес-форумда баяндама жасау, Жамбыл облысы туралы бейнеролик көрсету құрметіне ие болдым. Сонымен қатар, катарлық әріптестерімізбен келіссөздер жүргіздік, – деді басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

Ескерту: AFD — бұл тиімді қаржылық, экономикалық және инвестициялық саясат саласында тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында кәсіби талқылауға арналған бірегей аймақтық платформа болып табылады. Соңғы төрт жылда конференция әлемнің 100-ден астам елінен 15 мыңнан астам қатысушының басын қосты.

AFD конференциясы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сессиялар инвестициялық қоғамдастықтың мемлекетпен диалогына қосымша серпін берді, сондай-ақ жаңа маңызды G2B және B2B байланыстарының дамуына және Қазақстан Республикасындағы жаңа инвестициялық жобалардың бастау алуына ықпал етеді деп сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.