Тараз қаласында экологиялық жағдай тұрақты

0 23

«Қазфосфат» ЖШС-нің әлеуметтік желілерде тараған  минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттағы газ шығарындылары  туралы хабарламалар мен жарияланымдар бойынша ресми түсіндірмесі

11.07.2022 жылы сағат 20.00 шамасында «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының күкірт қышқылы цехында абсорбердің моногидратты сорғысы (тазартудың екінші сатысы) істен шығып, соның салдарынан түтіндік газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды.

Сағат 20.15-те осы цехтың жұмысшылары зауыттың диспетчерлік пункті мен цех басшылығына хабарлап, цех жұмысын шұғыл тоқтатты.

Компания басшылығы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, жақын маңдағы қала көшелерінде және шығарындылардың негізгі көздерінде атмосфералық ауаны өлшеу жұмыстарын ұйымдастырды. Талдаулардың нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталған жоқ. Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің зертханасымен бірге шығарындылардың негізгі көздерінде (БГС бөлімшесі) көміртегі тотығы, азот оксиді, аммиак, фторлы сутегі сияқты ластаушы заттардың құрамы бойынша жүргізілген бірлескен зерделеулер шығарындылардың ШРК шегінде орын алғанын көрсетті.

Сонымен қатар, нақты уақыт режиміндегі автоматтандырылған бақылау жүйесінің көрсеткіштері бойынша негізгі шығарындылар көзінде (БГС бөлімі) фторид сутегінің артық мөлшері тіркелмеген.

Атмосфералық ауадағы шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтын деңгейдегі ластаушы заттар тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етпейді.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Н.Нұрланов жауапты тұлғаларға күкірт қышқылы цехында орын алған келеңсіздіктерді жою, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктеген.

Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштар зауыты қалыпты жұмысын жалғастыруда. Шығарындылардың барлық көздері үздіксіз бақылауда. Тараз қаласында экологиялық жағдай тұрақты.

Шығарындылар салдарынан күкірт қышқылы цехы мен Минералды тыңайтқыштар филиалының бірде-бір қызметкері зардап шеккен жоқ және медициналық көмек үшін арнайы мекемелерге жүгінбеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.