Нұртас Адамбайдың шаңырағында үлкен қуаныш. Кинопродюсердің екінші перзенті дүниеге келді. Адамбайдың жұбайы қыз босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз шүкір. Бүгін осындай сый алдым. Енді қыздың әкесі болу дегеннің қандай екенін білетін боламын. Баршаларыңызға құттықтауларыңыз үшін рахмет. Алла Тағала сіздерге де осындай бақыт бұйыртсын. Альхамдулиллях», — деп қуанышымен бөлісті Адамбай.
Айта кетейік, кинопродюсердің жаңа туған сәбиден бөлек жасөспірім ұлы өсіп келеді.