2026 жылғы 11 ақпанда Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мазмұнды әлеуметтік-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Шара «Мәдениет және өнер» кафедрасының акт залында өтті.
Іс-шараның бірінші бөлімі «Балам, заңнан аттама» тақырыбында Аналар кеңесімен сұхбат форматында ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – жастар арасында заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу және отбасы құндылықтарын насихаттау.
Жиынға университет басшылығы, Аналар кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтарды «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиқызы Қабиева таныстырды. Алғы сөзді университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Рысгүл Орынбасарқызы Құдретуллаева сөйлеп, жастар тәрбиесіндегі заң мен тәртіптің маңызын атап өтті.
Кездесуді Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму орталығының басшысы, ҚР Халық Ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали модераторлық етті.
Іс-шара барысында қоғам үшін өзекті бірнеше тақырып көтерілді. Атап айтқанда, ҚР Халық Ассамблеясы жанындағы республикалық және облыстық дүнген Аналар кеңесінің төрайымы Сара Манкизқызы Даузова «Барыңды бағала» жобасы аясында вандализмнің алдын алуда аналардың рөлі туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Аяулым Сағынтайқызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына тоқталды. Ал «Экономика және құқық» факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Асқарұлы Сарымбетов лудоманияның қазіргі қоғамдағы қауіпті әлеуметтік дертке айналып отырғанын атап өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының жетекшісі Жанат Акебаевна Ертаева, Аналар кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрайымдары және қоғамдық ұйым мүшелері арнайы қатысты.
Іс-шараның екінші бөлімінде көрермендер назарына «Поэзия – менің тағдырым» атты мәдени-рухани бағдарлама ұсынылды. Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған сахналық-композициялық қойылымды студенттер лабораториясы дайындады. Қойылымды Куненова П.С. мен Айтибаев А.Қ. жетекшілік етті.
Шара соңында профессор Айгүл Қабиқызы Қабиева қорытынды сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.