Экскурсовод болу үшін 200 мың теңге. Жамбылда жұмысқа парамен алу фактілері азаймай тұр

0 24

Экскурсовод болу үшін 200 мың теңге. Жамбылда жұмысқа парамен алу фактілері азаймай тұр.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған қызмет қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді  , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Спикердің айтуынша мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытындағы жұмысты әлі күнге дейін қадағаламай келеді.
«Әкімшілік құқық бұзулар бойынша есептік кезенде 17 хаттама (680 б. – 3, 681 — 2 154 б. – 12) толтырылып 6,0 млн. теңгеден аса айыппұл салынды. Айтарлығы, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау тәжірибесі денсаулық сақтау ұйымдарымен орын алса, ал, кәсіпкерлікпен айналысудың басым бөлігі білім ұйымдарының басшылығылмен жол берілген.»,-деп мәлімдеді Ернар Мақажанов.
Агенттікпен жедел-тергеу қызметінің басымдықтары белгіленіп, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесуді, мемлекетке келтірілген залалдың уақытылы және толық өтелуіне бағытталған.

«Департаментпен есептік кезенде – 66 (2021 ж. – 42) қылмыс тіркелген. Сыбайлас жемқорлық сипатында – 46 (2021 ж. – 29). Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрлері бойынша – 3 (2021ж-4), кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты деректері – 3 (2021ж-2), көлеңкелі экономика субъектілеріне лауазымды адамдар тарапынан қамқорлық жасау бойынша – 4 (2).»,- деді ведомство өкілі.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев, директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова мен аталған кәсіпорынның бұрынғы бөлім басшысы Жамал Ақпан пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалғаны туралы мәлімдеді.

«Айтарлығы, Бықыбаев және басқалары қарапайым экскурсовод қызметіне жұмысқа қабылдағаны үшін 200 000 теңге көлемінде пара алған. Өкінішке орай, Жамбылда ақшамен жұмысқа қабылдау жағдайы әлі күнге тыйылмай отыр.»,-деп қорытындылады Ернар Мақажанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.