Жамбылда сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 560 млн. теңге залал келтірілген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған қызмет қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
«Тіркелген қылмыстық істер бойынша 560,3 млн. теңге көлемінде залал келтірілді, қазіргі таңда оны өндіру бойынша шаралар қабылдануда. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, жалпы былтырғы жылы сыбайлас жемқорлықтың азаюының оң динамикасын көрсетсе, тек жыл басынан бері тіркелген қылмыс саны айтарлықтай өсіп отыр»- деді облыстық Антикор өкілі Ернар Мақажанов.