Шу ауданында «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» ұранымен жәрмеңке ұйымдастырылды

0 32

Шу ауданының  орталығы Төле би ауылдық мәдениет үйінің алдында аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» ұранымен жәрмеңке ұйымдастырылды.

 

Бұл,жәрмеңкенің мақсаты азқамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына Шу аудандық кәсіпкерлерімен бірлесе отырып төмендетілген бағамен мектеп құралдары мен киімдерін шығарды. Негізі, аудан басшысы Арубаев Сәкен Қаланұлының ұйытқы болуымен жергілікті бюджеттен аудан көлеміндегі 41 мектептен 2 531 оқушыға жылына бір реттік жәрдемақы ретінде 32 500 теңге қаражат берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.