Тұрар Рысқұлов ауданында 3 мыңнан астам кіші кәсіпкерлік нысаны тіркелген

0 15

Тұрар Рысқұлов ауданында 3 мыңнан астам кіші кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Олардың ішінде ауылдың өзінен шағын өндіріс орындары мен кіші цехтарын ашып, елді-мекеннің еңсесін көтеруге өз үлестерін қосып жатқандар да жетерлік. Солардың бірі-Луговой стансасында құмды кірпіш шығарып жатқан Аблабек Райымбекұлы.

Қазір ерінбей еңбек етемдер үшін екі қолға бір күрек табылады. Тіпті зейнеткерлікке шықса да қарап жатудың жөн көрмеген Аблабек Райымбайұлы үйінің алдыннан кірпіш цехын ашып іске қосқан. Қазір мұнда қызған жұмыс. Екі жерде құрылысқа қажетті құмды кірпіш шығаратын екі құрылғы жұмыс істеп тұр. Тапсырыс берушілер жетерлік. Өздері келіп алып кетіп жатады,-дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің айтуына қарағанда кірпішке қажетті құм өз өңірлеріндегі карерьден алынып жатса, цемент келісімді бағамен жеткізіп берушілер бар көрінеді. Жұмысын жылдан-жылға жандандыра түскен ол бүгінде өз баласынан бастап 4 адамды еңбекке баулып отыр. Олар жұмыс кесетесі мен орындаған жоспарларына сай ақшаларын күнделікті санап алады екен.
-5 айдан бері осы жерде жұмыс істеп жүрмін. Еңбегіңе қарай төлемін жасап жатыр. Айлығым отбасымды асырауға жетеді. Кәсіп кеңейсе жалақы да ұлғаяды,-дейді Рафат МЕЙІРБЕКОВ .
Аула маңын тиімді пайдаланып құмды кірпіш шығарып жатқан ілкімді жанның алдағы уақытта жоспары да ауқымды. Әзірше маусымдық жұмыспен ғана айналысып жатқан ксіпкер енді жабық нысан салып, цехтың жыл он екі ай жұмыс істеуіне, әрі өзге де құрылыс материалдарын шығаруына атсалыспақшы. Ол үшін үкіметтің кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша бөлінетін қаражатқа құжаттарын әзірлеп те қойыпты.

Құрылысқа қажетті Ол тек кірпішпен шектеліп қалмай, А шығарып жатқан 3 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 10-ға жуық өзге этнос өкілдері тұрады. Жергілікті халықпен тізе қосып, еңбектерін еселеп жатқан елді-мекеннің қол жеткізген табыстары қомақы, алар биігі де алда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.