Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай Меркі ауданынындағы №1 мектеп-гимназияға есімі берілді

0 49
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Меркі ауданынында №1 мектеп-гимназияға Асанбай Асқаровтың есімі беріліп, бюсті салтанатты жағдайда ашылды.
Одан кейін, мектептің алдында ҚР Президенті архивіндегі А.Асқаровтың жеке қорынан алынған құжаттардың көрмесі, оң жағына аудандық музейдің көрмесі қойылды. Қонақтар жиналғанға дейін мектептің алдында білім алушылардан құралған оркестр Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.
Аталмыш іс-шара «Туған жердің туын биіктеткен тұлға» атты ғылыми-практикалық конференциямен жалғасын тапты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.