Жолдау жүктеген міндеттер түсіндірілді

0 31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Т.Рысқұлов ауданына облыстық ақпараттық топ мүшелері — облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, топ жетекшісі Е.Солтыбаев, «Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестінің төрағасы А.Зайнутдинов, және аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев аудандық электр желілерін тарату мекемесінің, аудандық білім және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, «Отандастар» қоры Жамбыл облыстық филиалының төрағасы А.Төлебаев аудандық ақпараттық топ мүшелерімен бірлесе отырып Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны және “Таза Су” КМК қызметкерлерімен кездесіп, жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді.

Әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам құруға бағыттайтын жаңа Жолдаудың басым бағыттарының мән-маңызын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.