Құтқарушылар күні Жамбыл облысында бірқатар іс-шаралар атқарылды

0 17

19 қазан — Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні. Дәл осы күні Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті халық игілігі жолындағы өз жұмысын бастағаны белгілі. Айтулы мерекеге орай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайларына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар, Байзақ ауданында өрттен туындаған жарылыс салдарынан ерлікпен қаза болған өрт сөндірушілердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Одан әрі жас мамандармен Отан алдында Ант қабылдау рәсімі өтті. Сондай-ақ, Тараз қалалық №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиын барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ермек Жамбыұлы Момбаев әріптестерді айтулы мерекемен құттықтады. Одан әрі Жамбыл облысы Әкімдігінің аппарат басшысының орынбасары Серік Айдарұлы Алибеков пен заместитель акима города Тараз қаласы Әкімінің орынбасары Нұрбол Бекежанұлы Қалдыбаев құтқарушыларды бүгінгі мерекемен құттықтап, күрделі әрі қауіпті қызметте амандық пен табыс тіледі.
Бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер жоғарғы басшылықтың арнайы грамоталарымен, алғыс хаттармен, түрлі сипаттағы төсбелгілермен марапатталды. Тіпті кейбір қызметкерлер кезекті шенін де алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.